
Ведомство басшысы орман қоры аумақтарын аралап, көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарымен, материалдық-техникалық жарақтандырумен, орман мекемелерінің қызметімен және Өскемен орманшылығы питомниктерінің бірінде отырғызу материалын дайындаумен танысты. Өскемен орман шаруашылығының Ертіс орманшылығына барды. Питомниктерде орман тұқымын себумен танысты. Аталған орман шаруашылығының Бұқтырма орманшылығында орман қалпына келтіру жұмыстарының барысына тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ орман және табиғат қорғау мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшыларымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың орман қорының жалпы аумағы 2,9 млн.га қамтиды, оның ішінде орманмен көмкерілгені - 1,6 млн. га. Негізгі ағаш түрлері – қарағай, қарағай шыршасы, шырша, балқарағай, көктерек, қайың және терек.
Сонымен қатар, экология мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министр Ж.Әлиев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу нысандарын аралады. Қазіргі таңда Өскемен қаласында контейнерлік алаңдардан ҚТҚ жинау бойынша қызмет көрсететін екі ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
Қалада барлығы 514 контейнерлік алаң және 2500-ге жуық контейнер бар, оның 1 274-і қоқысты бөліп жинауға арналған.
Айта кету керек, өңірлердегі экологиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында.