
Жас зерттеушілер республикалық және аймақтық бастамалар аясында ғылыми әзірлемелерімен экологиялық жобаларға қатысып, өздерін танытуды жалғастыруда.
Мәселен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Д.Құсайынова мен А.Монтай "EcoStartBolashaq" экологиялық инновациялық шешімдер мен идеялар байқауында екінші орын алып, "В.И.Вернадский мұрасы және экологияның қазіргі заманғы мәселелері" ғылыми-практикалық конференциясының жүлдегерлері атанды.
Ал, Yessenov University 3 курс студенті С.Турова ғылыми экологиялық жобалар мен олимпиадаларға қатысқаны үшін марапатталды.
Сондай-ақ, 21 сәуірде Астанада ел Президентінің қатысуымен өткен форумда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің студенттері А.Көптілеу және Т.Жолдыбай экология мәселелері бойынша өз ұстанымдарын білдіргенін атап өткен жөн.
Өз кезегінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2025 жылғы 21 сәуірде экофестиваль аясында өткен байқауда "Жасыл университет" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл мысалдар жас буынның экологиялық бастамаларға белсенді қатысатынын, елдің тұрақты дамуына үлес қосатынын, ал мемлекет пен жоғары оқу орындары оларды барынша қолдау үшін барлық жағдай жасайтынын көрсетеді.