Меню
Страницы

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Ереженің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi, хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде төменде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынады:

  • Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;
  • салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
  • бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы 2021 жылдың 2 ақпандағы дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, 337-В кабинет, тел. 74-12-97, 74-08-44  (кеңсе).

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне 74-09-47, 75-09-84, WhatsApp 701 847 2853 телефон нөмірлері бойынша жүгінуге болады.

1-қосымша

Кiмге _______________________________________

      (орталық мемлекеттiк немесе

      ____________________________________________

      жергiлiктi атқарушы орган басшысының

      _____________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))

      Кiмнен ______________________________________

      (бiрлестiк басшысының

      _____________________________________________

      лауазымы Т.А.Ә. (бар болса))

     

 Деректемелер:

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

Өтiнiш

      ____________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)

      _____________________________________________________________________

      жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық

      кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын

      нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын

      тану үшін _______________________________________________

      (бiрлестiктiң атауы)

      аккредиттеудi сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:

  1. _________________________________________________________
  2. _________________________________________________________
  3. _________________________________________________________
  4. _________________________________________________________

      М.О. ___________ ___________________________________

      (қолы) (лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса))

      20__ жылғы "___"______

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты