Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қалдықтарды басқару

Қалдықтар ұғымы

Өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету процесінде немесе тұтыну процесінде түзілген, иесі қалдықтар деп тікелей танитын не заңның талаптарына орай жоюға немесе қалпына келтіруге жіберуге тиісті, немесе жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операцияларға ұшыратуға ниеттенетін не ұшырататын кез келген заттар, материалдар немесе нәрселер (оның ішінде, өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар) қалдықтар деп түсініледі.

Мыналар қалдықтарға жатпайды:

      1) бөлінетін газ (шаң-газ-ауа қоспасы) құрамында атмосфераға шығарылатын заттар;

      2) сарқынды сулар;

      3) алынбаған ластанған топырақ қабатын қоса алғанда, өздерінің табиғи қалпында жатқан ластанған жерлер;

      4) жермен тығыз байланысты жылжымайтын мүлік объектілері;

      5) алынған ластанбаған топырақтар;

      6) құрылыс қызметі процесінде жерде жұмыстарды жүргізу кезінде өздері табиғи қалпында жатқан жерден алынған және жобалау құжатына сәйкес, өздері бөлініп алынған сол бір құрылыс алаңының аумағында құрылыс салу мақсатында өзінің табиғи күйінде пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын кең таралған пайдалы қатты қазбалар;

      7) Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға жататын атыс қаруы, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар.

Қалдықтардың иелері

  1. Қалдықтарды түзуші немесе заңды иелігінде қалдықтар болатын кез келген тұлға қалдықтардың иесі деп түсініледі.
  2. Қызметті жүзеге асыру процесінде қалдықтар түзілетін кез келген тұлға (қалдықтарды бастапқы түзуші) немесе осындай қалдықтардың қасиеттерінің немесе құрамының өзгеруіне әкелетін өңдеуді, араластыруды немесе өзге де операцияларды жүзеге асыратын кез келген тұлға (қалдықтарды қайталама түзуші) қалдықтарды түзуші деп танылады.

Қалдықтарды басқару

Қалдықтар түзілген кезден бастап түпкілікті жойылғанға дейін қалдықтарға қатысты жүзеге асырылатын операциялар қалдықтарды басқару деп түсініледі.

Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға:

      1) түзілген жерінде қалдықтарды жинақтау;

      2) қалдықтарды жинау;

      3) қалдықтарды тасу;

      4) қалдықтарды қалпына келтіру;

      5) қалдықтарды жою;

      6) қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды байқауды жүргізу;

      7) жойылған (жабық, пайдаланудан шығарылған) қалдықтарды жою объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі қызмет жатады.

Қалдықтарды жинау

  1. Қалдықтарды қалпына келтіруге немесе жоюға одан әрі жіберу мақсатында мамандандырылған ұйымдардың жеке және заңды тұлғалардан қалдықтарды ұйымдасқан түрде қабылдау жөніндегі қызметі қалдықтарды жинау деп түсініледі.

      Қалдықтарды жинау жөніндегі операциялар қалдықтарды жинау процесінде сұрыптау және жинақтау жөніндегі қосалқы операцияларды қамтуы мүмкін.

      Жинау процесінде қалдықтарды жинақтау деп Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған жерлерде қалдықтарды сақтау түсініледі, оларда түзілген жерінен әкетілген қалдықтар осы қалдықтарды қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге одан әрі тасуға дайындау мақсатында түсіріледі.

Қалдықтарды тасу

  1. Қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою процесінде түзілген, жинақталатын орындар арасында арнайы көлік құралдарының көмегімен қалдықтардың орнын ауыстыруға байланысты қызмет қалдықтарды тасу деп түсініледі.

Қалдықтарды қалпына келтіру

  1. Қандай да бір пайдалы функцияны орындау үшін пайдаланылуы мүмкін басқа материалдарды алмастыру мақсатында көрсетілген функцияны орындау үшін қалдықтарды пайдалану басты мақсаты болып табылатын, қалдықтардың көлемін қысқартуға бағытталған кез келген операция, оған қосанақты өндірістік объектіде немесе экономиканың белгілі бір секторында жүзеге асырылатын, осындай функцияларды орындау үшін осы қалдықтарды дайындау жөніндегі қосалқы операциялар қалдықтарды қалпына келтіру деп танылады.

      Қалдықтарды қалпына келтіру жөніндегі операцияларға:

 

      1) қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау;

      2) қалдықтарды қайта өңдеу;

      3) қалдықтарды кәдеге жарату жатады.

  1. Қалдықтарды қайтадан пайдалануға дайындау жай-күйін тексеруді, тазалауды және (немесе) жөндеуді қамтиды, солар арқылы қалдыққа айналған өнім немесе оның құрамдастары қандай да бір өзгеше өңдеу жүргізілмей қайтадан пайдалануға дайындалады.

     

Документы
Ақпарат
05 мая 2026
Доля сортировки и переработки ТБО в разрезе регионов за 2025 год
Ақпарат
05 мая 2026
Доля сортировки и переработки ТБО в разрезе регионов за 2024 год
Ақпарат
05 мая 2026
Доля сортировки и переработки ТБО в разрезе регионов за 2023 года
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты