Мемлекеттік бақылауды үйлестірудің қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасы мақұлданды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті, онда депутаттар ЕурАзЭҚ – қа мүше мемлекеттердің аталған саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында ЕурАзЭҚ техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасын мақұлдады.
Осы Келісімде бір елдің органдары өзара саудада тосқауылдарға жол бермеу мақсатында басқа елдің мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген кезде дауларды қарау тәртібі, сондай-ақ сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жасау және ақпараттық жүйе арқылы ақпараттық өзара іс-қимыл көзделген.
Тұтастай алғанда, келісімді ратификациялау сәйкес келмейтін өнімнің таралуына жол бермеуге де, ЕурАзЭҚ елдерінде заңсыз тексерулер кезінде техникалық кедергілерді алып тастауға да бағытталған.
Сонымен бірге, Келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген, осыған байланысты оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге алып келмейді.
Келісімнің негізгі қағидаттары:
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің адалдық презумпциясы;
мемлекеттік бақылау (қадағалау)органдары қызметінің жариялылығы;
бір заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге қатысты мүше мемлекеттің бірнеше мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде белгіленген бірдей міндетті талаптардың орындалуына тексерулер жүргізуіне жол бермеу;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды тағайындау және жүргізу, олардың нәтижелері бойынша шешімдер шығару және т. б. кезінде заңдылықты сақтау.
Мүше мемлекеттер мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізуді ұйымдастыру және ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді ЕАЭО аумағына айналысқа және айналысқа шығаруды болдырмау мақсатында жүйелі ақпарат алмасу, мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізу тәжірибесімен алмасуды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін болады.
.