ЕЭК-те кадрларды іріктеудің жаңа тәсілдері

ЕЭК-те кадрларды іріктеудің жаңа тәсілдері

ЕЭК-те кадрларды іріктеудің жаңа тәсілдері

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысы өтті, оның барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады.

Түзетулерді Қазақстан Республикасы ұсынғанын атап өту маңызды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин атап өткендей: «Бұл түзетулер Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

Мысалы, лауазымды тұлғалардың еңбек шарттарын Комиссия Алқасы мүшелерінің (министрлерінің) жұмыс мерзімімен үндестіру ұсынылады, комиссияның ЕАЭО елдерінде өткізілетін кандидаттарды ұлттық біліктілік іріктеу нәтижелерін міндетті есепке алуы және Комиссияның қатардағы қызметкерлерін мерзімсіз еңбек шарттарынан 5 жылдық келісімшарттарға ауыстыру көзделген.

Түзетулерді іске асыру ЕЭК-тің кадрлық құрамын жаңартуға, оның ішінде Қазақстанның өкілдігі мен ротация мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Серік Жұманғарин.