
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталған азаматтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында «Үміт – 2026» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар бейнелеу өнері және қолөнер бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өздерінің шеберліктері мен өнерге деген қызығушылықтарын танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және түзелу жолындағы оң өзгерістерін қолдау.
Мұндай мәдени-шығармашылық іс-шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Дмитрий Русланович Халидов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Балнур Сембаевна Райкулова, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың шығармашылық жұмыстарына баға беріліп, үздік жұмыстарды атап өту көзделді.
Шығармашылық – адамның ішкі әлеуетін ашып, жаңа мүмкіндіктерге бастайтын маңызды құрал.