Тараз қаласы №3 пробация қызметі тарапынан сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Тараз қаласы №3 пробация қызметі тарапынан сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Тараз қаласы №3 пробация қызметі тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Тараз қаласы №3 пробация қызметінің есебіне түзеу мекемесінен жазасының өтелмеген бөлігін пробациялық бақылау тәртібімен өтеуге босатылған азамат тіркеуге алынды. Азаматтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында оның тұрақты тұрғылықты мекенжайының жоқ екендігі анықталды. Осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері тарапынан сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Пробация инспекторлары азаматпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында қажетті шараларды қолға алды. Азаматтың әлеуметтік жағдайын назарға алған пробация қызметі қызметкерлері оны уақытша орналастыру және алғашқы қажетті көмектермен қамтамасыз ету мақсатында Тараз қалалық әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастыруға ықпал етті. Қазіргі таңда орталық тарапынан азаматқа тұрмыстық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, оның қалыпты өмір сүруіне жағдай жасалуда. Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады. Осы бағытта пробация қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және әлеуметтік мекемелермен бірлесіп жүйелі түрде жұмыстар атқаруда. Айта кету қажет, пробация қызметі тек бақылау жүргізумен ғана шектелмей, сотталған азаматтардың қоғамға қайта қосылып, заң талаптарын сақтай отырып өмір сүруіне жан-жақты қолдау көрсетуді де басты назарда ұстайды. Әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, құжаттандыру мәселелерін шешуге ықпал ету және психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.