
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне 16.04.2026 жылы ҚР ІІМ РМК «Енбек» бас директоры Шуманов Ермек Чармарданұлы келіп, №25,58,59 мекемелердің өндіріс аумақтарындағы өз кәсіптерін ашқан орта және кіші бизнес өкілдерінің жұмыс жағдайын және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысының тапсырмаларының орындалуын көру мақсатында жұмыстық кездесу өткізілді. Жұмыстық кездесу барысында мекеме аумақтарындағы ірі кәсіпкерлер «Алматов», «Теңізбаев», «Амбрелла», «Амир» және де «Арт Сейсан» жеке кәсіпкерлердің жұмыс орындары көрсетілді. Сонымен қатар, аталған кәсіпкерлермен Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен берілген тапсырыстардың орындау жұмыстарының барысы мен өндіріс процесі толық көрсетілді.