Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жеке құрам арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қатысып, өрттің алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібі және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері түсіндіріліп, тәжірибелік ұсынымдар айтылды.

Аталған шара қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.