
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық Nº3 пробация қызметінің инспекторлары «Қауіпсіз аула» атты жедел-профилактикалык іс-шарасы аясында есепте тұрған сотталғандарды, тұрғылықты жері бойынша тексеріс, профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Жүргізілген іс-шараға байланысты жаза өтеу тәртіптерін қаскөйлік пен бұзған сотталғандар анықталып жазалау шаралары қолданылған. Жаза өтеу шарттарын бұзған сотталғандарды бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс сот қарауына жолданды. Тараз қалалық Nº2 сотына пробация қызметінің есебінде тұрған «Н» атты сотталғанға қатысты ұсыным қарап, бас бостандығынан шектеу жазасынын өтелмеген 1 жыл 11 ай бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Сотталанға жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалған.