2025 жылдың қорытынды жиналысы

2025 жылдың қорытынды жиналысы

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы арасында қорытынды жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында департаменттің 2025 жылы атқарған қызметінің нәтижелері жан-жақты талданып, қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдарына ерекше назар аударылды.

Жиын барысында департамент басшысы сөз сөйлеп, 2025 жылы қол жеткізілген көрсеткіштерді 2026 жылы одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта жеке құрамға жауапкершілікті күшейту, тәртіп пен талапты қатаң сақтау, қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.