
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Бекмурат Абдрахманұлын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті атынан орта білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ОАМ Оқу білім беру комитеті төрағасы Қ. Жұмашевтің алғыс хатымен марапаттады.
Құттықтау барысында аталған марапаттың сала дамуына қосылған нақты үлестің нәтижесі екені атап өтіліп, білім беру саласындағы жүйелі еңбек пен тиімді ынтымақтастық жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңде өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екені айтылып, марапат иесіне қызметтік табыс пен жаңа жетістіктер тіленді.