«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есептегі тұлғаларды түнгі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есептегі тұлғаларды түнгі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 11–13 желтоқсан күндері Жамбыл облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Бұл бастама 2025 жылдың «Профилактика жылы» және «Заң мен тәртіп» жылы деп жариялануына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Аталған іс-шара аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметіне басшылық ету бөлімшесі, пробация қызметінің жеке құрамы және қалалық әрі аудандық полиция бөлімдерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі тексеру рейдтері ұйымдастырылуда.

Рейд барысында сотталған азаматтарға құқықтық тәртіптің қоғам үшін маңыздылығы түсіндіріліп, олардың құқықтық сана-сезімін арттыруға және қайта қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар пробация есебіндегі тұлғалардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылуда.

Профилактикалық бағыттағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары,
әділет подполковнигі
Қ.Е. Ильясов