Кәмелетке толмаған жасөспірім баламен сұхбат өткізілді

Кәмелетке толмаған жасөспірім баламен сұхбат өткізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің ювенальдық әділет тобының инспекторы, әділет лейтенанты Қынатбекұлы Бибарыс кәмелетке толмаған сотталған А есімді жасөспіріммен психологиялық жұмыстар жүргізіп “Заң және Тәртіп” қағидасын түсіндіріп ашық дөңгелек үстел ұйымдастырды!
Қазіргі қоғамда заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі. Олар қоғамды тиімді басқару үшін қажет. Заң мен тәртіпті бұзу қоғамда хаосқа, қылмыс пен арандатушылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті, заң мен тәртіптің орындалуы тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір азамат үшін маңызды.
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы елімізді жақсартуға өз үлесін қосуы керек