Пробация қызметінде үкіметтік емес ұйымның ұйымдастыруымен кездесу өтті

Пробация қызметінде үкіметтік емес ұйымның ұйымдастыруымен кездесу өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметінде "Көмек демеу"үкіметтік емес ұйымның бастамасымен үкімділерге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық әкімдік пен «Жұмыспен қамту орталығының» өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, еңбекке орналасуына жәрдемдесу және қоғамға қайта оралуына қолдау көрсету. Шара барысында қатысушыларға бос жұмыс орындары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді, сондай-ақ мамандар кеңес жүргізді.

Сонымен қатар, үкімділер арасында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай және тағы да басқа сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырып, пробация қызметі мен өзге мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.