Құрметті ұстаздар!
Сіздерге деген шексіз алғыс пен құрметті Ұстаздар күні мерекесінде жеткізгіміз келеді. Ұстаз – болашақтың шамшырағы, ізгілік пен білімнің, парасат пен мейірімнің қайнар көзі.
Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД № 67 мекемесінің тәрбие жөніндегі орынбасары Садуанов Еркебулан Бақытжанович талай шәкірттің жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, өмірлік бағыт-бағдар беріп келе жатқан ардақты ұстазымыз – Шымырова Гүлбала Нарбековнаға айрықша алғыс білдіріп, ұстаздар күнімен құттықтап кетті. Сіздің еткен еңбегіңіз бен шәкірттерге деген шынайы қамқорлығыңыз әрқашан биік бағаланбақ.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз еліміздің жарқын болашағына айнала берсін!