
Қазанның алғашқы күні – Қариялар күні. Бұл – ел тарихын жасап, бүгінгі ұрпаққа өнеге қалдырған асыл қазыналы қарияларға құрмет көрсету күні.
Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ардагерлерге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында департамент ұжымы ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ж.Ж.Қосжанов пен департамент бастығының орынбасары Қ.Е.Ильясов ардагерлерге ерекше назар аударып, олардың еңбегін бағалау – ұжым үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Ардагерлер де өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, жас буынға ақ баталарын берді.
Қарияларды қадірлеу – қоғам алдындағы қасиетті борыш. Осындай тағылымды дәстүрлер арқылы жас ұрпақ тарихты құрметтеуге, үлкенге ілтипатпен қарауға тәрбиеленеді.