Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген барша тәртіп сақшыларына деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Сіздердің ерлікке толы еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен адал қызметтеріңіз қоғамда тәртіп пен заңдылықты сақтау жолында аса маңызды.
Қызметтеріңізге сәттілік, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әрқашан халық сеніміне лайық болуларыңызға тілектеспін!
Ізгі ниетпен,
Жамбыл облысы бойынша КАЖД бастығы әділет подполковнигі Жаныбек Жамалбекұлы Қосжанов