
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Тұрар Рысқұлов аудандық пробацияда есепте тұрған сотталғандар арасында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты – есірткінің зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және пробациядағы тұлғаларды қоғамға оңтайлы бейімдеу.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қатысуымен мини-футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Содан кейін нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шараға аудандық аурухананың дәрігері Пойызбай А.Е. қатысушылармен ашық әңгіме жүргізді. Олар нашақорлықтың физикалық және психологиялық салдары, оны емдеу жолдары, сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеледі.
Әңгіме сұрақ-жауап түрінде өтіп, сотталғандар мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Пробация қызметінің мамандары бұл іс-шаралардың есепте тұрған азаматтарға оң әсер етіп, олардың салауатты өмірге деген ынтасын арттырып, теріс әдеттерден аулақ болуына себеп болатынын атап өтті.