
💠 ІІМ-де ҚАЖ департаменттері басшыларымен кеңес өтті: Президент тапсырмаларын орындауға баса назар аударылды
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың төрағалығымен Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттың қызмет басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Жиынның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені жаңғырту және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жұмыстарын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау болды. Президент атап өткендей, ҚАЖ мекемелерінің міндеті – тек оқшаулау ғана емес, сонымен қатар сотталғандарды қалыпты өмірге қайтару.
Министр заманауи тәсілдерді енгізу, сотталғандарды жұмыспен қамту, қоғамдық және жеке құрылымдармен әріптестікті дамыту қажеттілігін айтты.
Аумақтық басшыларға нақты міндеттер қойылды: мекемелер қызметінде заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, ұстау режимінің сақталуын бақылау, инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлық даярлық деңгейін арттыру және әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимылды жолға қою.
Кеңес қорытындысы бойынша министр жүйенің тиімділігін арттыру мен алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.