ҚАЖД №25 мекемесінде аяқ киім тігу цехы ашылды

ҚАЖД №25 мекемесінде аяқ киім тігу цехы ашылды

c

ҚР ІІМ-нің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Сабитұлы Календеров пен Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары Қанат Есіркепұлы Мамаевтың қатысуымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесінде “Теңізбаев” жеке кәсіпкерлігінің аяқ киім тігу цехы ашылды.

Жаңа өндіріс орны заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, алғашқы кезеңде бірнеше сотталған азамат еңбекке тартылды. Олар арнайы мамандардың қатысуымен тігін, пішу және өңдеу бағытында кәсіби дағдыларды меңгере бастады.

Аталған жобаның мақсаты:
- сотталғандарды пайдалы еңбекке баулу,
- қайта қылмысқа бару қаупін төмендету,
- олардың қоғамға оралуына мүмкіндік жасау.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Жаныбек Жамалбекұлы Қосжанов:
«Бұл бастама өндірістік әлеуетті арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.