СҚО-да сотталғандар аңызға айналған танктің макетін жасады

СҚО-да сотталғандар аңызға айналған танктің макетін жасады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында "№48 мекеменің" Петропавл кәсіптік колледжінде "Слесарь-сантехник" біліктілігі бойынша оқитын сотталған - студенттер өндірістік оқыту шеберлері Мерген Айсенов пен Айқын Баженовтың жетекшілігімен батылдық пен ерліктің символы, аты аңызға айналған Т-34 танкінің әсерлі макетін жасады.

 «Модельді жасаудың негізгі материалы болып беріктігі мен жеңілдігімен танымал алюминий қызмет етті. Бөлшектерді қосу әртүрлі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылды: тойтару, болтты қосу, дәнекерлеу және басқалар. Бұл тәсіл құрылымның сенімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, студенттердің техникалық дағдыларының әртүрлілігін көрсетуге мүмкіндік берді»,- деді шебер Мерген Айсенов.

Макеттің басты ерекшеліктерінің бірі- сервопривод арқылы қозғалатын айналмалы мұнара. Бұл механизм модельге шынайылық пен интерактивтілік қосу арқылы танктің жауынгерлік әрекеттерін имитациялауға мүмкіндік береді.

Т-34 танкі Кеңес армиясының күшінің символына айналды және Жеңіске жету жолында шешуші рөл атқарды. Колледж студенттерінің макетін жасауы- бұл тек шығармашылық жұмыс емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының тарихына деген терең құрмет.