Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің "№48 және №50 мекеме" аумақтарында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжі көптеген жылдар бойы сотталғандарды оқытып қана қоймай, сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша сапалы білім, мемлекеттік үлгідегі диплом алуға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
№ 48 мекемеде колледж тас қалаушыларды, ағаш ұсталарын, сантехник- слесарларды және электр-газ дәнекерлеушілерді оқытады, ал әйелдер колониясында тігіншілер, сән дизайнерлері және плитка қаптаушылары дайындалады. Оқу орнында оқу мерзімі 10 айды құрайды және барлығында сияқты 1 қыркүйек күні басталады. Маусым айының соңында түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Петропавл кәсіптік колледжінің өндірістік оқыту шебері Қуанышбай Исенов 2018 жылдан бастап №48 мекемеде жұмыс істейді. 1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді, Еңбек Қызыл Ту Орденінің игері болып табылады. Бүгін мекеме мен колледждің басшылығы мен жеке құрамы Қуанышбай Исеновті лайықты зейнет демалысында шығарып салды.
«Біздің кәсіби колледжіміз сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады, олардың арасында "электр газбен дәнекерлеуші" мамандығы ерекше танымал. Бүгінгі күнге дейін мен "электр газбен дәнекерлеуші және дәнекерлеу жабдықтарының арнайы технологиясы" теориялық курсы бойынша сабақ бердім. Сонымен қатар, практикалық сабақтар өткіздім: дәнекерлеу технологияларын игеру, әртүрлі металдармен жұмыс, дәнекерлеу қосылыстарын орындау. Оқыту практикалық дайындыққа қажетті барлық заттармен жабдықталған оқу сыныптары мен шеберханаларда жүргізіледі. Менің №5 тобымда 25 дәнекерлеуші оқиды. Олардың кейбіреулері дәнекерлеу өндірісімен таныс, бірақ арнайы білімі жоқ. Әрине, дәнекерлеу ісімен алғаш танысқандар да бар»,- деді Қуанышбай Исенов.
Мұғалім түзеу мекемелерінде электр газбен дәнекерлеуді оқыту сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың маңызды қадамы деп санайды. Алынған білім мен дағдылар бостыланнан кейін жаңа өмірге мүмкіндік береді, қылмыс қайталану деңгейін төмендетеді және қоғамға сәтті интеграциялануға ықпал етеді.