СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде полиция эстафетасы өтті

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде полиция эстафетасы өтті

СҚО бойынша ҚАЖД қарасты мекемелердің 25 қызметкерінің қатысуымен полиция эстафетасын ұйымдастырды.

Іс-шара қызметкерлердің дене даярлығы деңгейін арттыруға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталды. Эстафета барысында қатысушылар өздерінің төзімділігін, күш-қуатын, ептілігін және қызметтік жағдайда жедел әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

Жарыс бағдарламасына дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығулар, қызметтік қаруды уақытқа бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды патрондармен жабдықтау, жеке қорғаныс құралдарында нормативтерді орындау және жоғары шоғырлануды, жылдамдық пен кәсіби машықтарды талап ететін басқа да тәжірибелік тапсырмалар енгізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын — №66 мекеме;

II орын — №50 мекеме;

III орын — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.