СҚО-да үздік жасақ бастығын таңдады

СҚО-да үздік жасақ бастығын таңдады

Жыл сайын 14 маусымда атап өтілетін жасақ бастығы күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде «Үздік жасақ бастығы» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызметтік дағдыларын жетілдіру және оң тәжірибе алмасу болды.

Байқауға облыстың бес мекемесінің өкілдері қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін, дене және жауынгерлік даярлық деңгейін, нормативтік-құқықтық базаны білуін, сондай-ақ сотталғандармен тиімді қарым-қатынас орнату және аудиториямен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар өз қызметі туралы презентациялар ұсынып, тақырыптық бейнероликтер дайындап, жасақ бастығы жұмысының ерекшеліктерін көрсететін интерактивті іс-шаралар өткізді.

Байқау комиссиясының мүшелері қатысушылардың теориялық дайындығы мен тәжірибелік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар олардың бастамашылдығын, қызметтік міндеттерді орындаудағы шығармашылық көзқарасын, коммуникациялық қабілеттерін және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау шеберлігін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша №52 мекеменің жасақ бастығы, әділет майоры Нұргүл Құсайынова барлық кезеңдерден жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды №50 мекеменің жасақ бастығы Данагүл Ахметова, ал үшінші орынды №51 мекеменің жасақ бастығы Диас Туяков иеленді.