Қайырымдылық акциясы аясында сотталғандар балаларға арналған сыйлықтар әзірледі

Қайырымдылық акциясы аясында сотталғандар балаларға арналған сыйлықтар әзірледі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері көпбалалы отбасылардың балаларына, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара аясында балаларға арналған сыйлықтар мен жағымды тосынсыйлар дайындалды. «Данилова» ЖК-нің қолдауымен жұмсақ ойыншықтар жасалып, табысталды.

Мерекелік шараны ұйымдастыруға сотталғандар да өз үлесін қосты. Олар негізгі жұмыстан бос уақытында ерікті түрде балаларға арналған құмсалғыш, ойын үйшігі, кәдесый бұйымдары, шахмат жиынтығы және спорттық турник жасап шығарды. Барлық бұйымдар балалардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау мақсатында үлкен жауапкершілікпен дайындалды.

Сонымен қатар қайырымдылық акциясы аясында балаларға тәтті тағамдар ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 

Мұндай іс-шаралар әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, мейірімділік дәстүрлерін нығайтуға және ерекше қолдау мен қамқорлықты қажет ететін балаларға көмек көрсетуге ықпал етеді.