Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Жас қатысушылар үшін спорттық эстафеталар, ойындар, қызықты байқаулар мен шығармашылық тапсырмалардан тұратын мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Шақырылған аниматорлардың қатысуымен өткен мерекеде балалар түрлі сайыстарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен тапқырлығын көрсетті.

Мерекенің ерекше бөлігі ретінде таза ауада дастарқан жайылып, балалар ата-аналарымен және достарымен бірге уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге бөленді. 

Осындай іс-шараларды өткізу отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қызметкерлер арасында жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және ұжымдық рухты арттыруға ықпал етеді.