
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты бөлім барысында 20-дан астам ардагердің, қызметкерлердің, олардың ата-аналары мен шақырылған қонақтардың еңбегі ерекше атап өтілді. Оларға қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін медальдар, «ҚАЖ үздігі» төсбелгілері, Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді.
Іс-шара барысында жас қызметкерлерге ерекше назар аударылды. Мереке қарсаңында 16 жас қызметкер ант қабылдап, адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және мемлекет пен қоғам мүддесін абыроймен қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Осындай іс-шараларды өткізу ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызмет беделін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бойында патриотизм мен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.