СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде қызмет қорытындылары шығарылды

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде қызмет қорытындылары шығарылды

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша қызмет қорытындылары шығарылды.

Жедел кеңеске Департамент, ведомстволық бағынысты мекемелердің, пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің басшылығы және бөлім бастықтары қатысты.

Кеңес барысында үш айдағы қызмет қорытындылары жан-жақты қаралды. Негізгі көрсеткіштерді талдауға, қойылған міндеттердің орындалу тиімділігіне, сондай-ақ қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер талқыланып, оларды жою жолдары айқындалды.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы тоқсанға арналған басым міндеттер мен негізгі жұмыс бағыттары айқындалып, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және жұмыстың нәтижелілігін арттыруға басымдық берілді.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет атқарған әділет майоры Чингиз Юсуповты құрметті зейнет демалысқа шығарып салу салтанаты өткізілді