Жас қызметкерлер үшін №66 мекемеге экскурсия ұйымдастырылды

Жас қызметкерлер үшін №66 мекемеге экскурсия ұйымдастырылды

 

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ «Адал полицей» республикалық акциясы аясында, СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастамасымен және СҚО бойынша ҚАЖД ӨҚТ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, Петропавл қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамы мен жас қызметкерлері үшін №66 мекемеге таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының 20 қызметкері қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметкерлер арасында заңдылық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен қызметтік тәртіп деңгейін арттыру болып табылады.

Экскурсия барысында қатысушыларға мекеменің қызметі, арнайы контингентті ұстау жағдайлары, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы ақпарат берілді. Заңдылықты сақтау, рұқсат етілмеген ықпал ету әдістерін қолданбау және сотталғандарға қатысты халықаралық стандарттарды ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормалары түсіндірілді.

Өткізілген іс-шара қызметкерлердің құқықтық санасын нығайтуға, кәсіби жауапкершілікті арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.