№50 мекемеде интеллектуалды квиз өтті

№50 мекемеде интеллектуалды квиз  өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында №50 мекемеде «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысқан интеллектуалдық викторина өтті. Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, коммуникативтік дағдыларды дамыту және жастар мен сотталғандар арасындағы диалогты нығайту болды.

Викторина бес кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы қатысушылардың білімдерін кеңейтуге және нығайтуға бағытталды.

Сайысқа сотталғандар мен жас белсенділерден құралған командалар қатысты. Мұндай формат өзара құрметті, түсіністікті арттыруға, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы стереотиптерді жоюға мүмкіндік берді.

Іс-шара серпінді және позитивті атмосферада өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, қызығушылық пен өзін-өзі дамытуға деген талпыныс көрсетті. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және сотталғандардың әлеуметтік интеграция мүмкіндіктерін кеңейтеді.