жоспардан тыс атестаттау өткізу

жоспардан тыс атестаттау өткізу

Х А Б А Р Л А НДЫРУ

Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, ҚР ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы  Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат-қызметкерлерді  жоғары  тұрған  басшылық  лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министрдің орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

 1/ басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін /ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы/

ІІМ номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

-ІІМ орталық аппаратына С-SV-5 санаты;

-«Солтүстік» және «Оңтүстік» ІІМ әскери және арнайы жабдықтау базаларына С-SV-7;

- облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарына С-SVO-6 санаты:

-қалалық және аудандық полиция департаменттерінің бөлімшелеріне               С-SVR-2 санаты;

-жоғары оқу орындарына С-SVU-3 санаты;

-оқу орталықтарына С- SVU-6 санаты;

-ІІМ «С» қызметіне С-SN-4 санаты;

-«Арлан» АМБ С-SN-3 санаты:

- ІІМ Кинологиялық орталығы және УССО С-SGU-2 санаты.

2/ қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3/ оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ, 160000, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекен-жайы: Шымкент қаласы, Майлы қожа көшесі, 5 үй. Тәрбие және кадр жұмысы  бөлімшесі 15,22 кабинеттері, Сымтетік: 8 /7252/ 53-62-63, электрондық мекен-жайлар: ka.kuralbaeva@mvd.gov.kz  арқылы жүзеге асырылады.

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

    

 

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті