Қамқорлық – ізгіліктің белгісі!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тұран ПҚБ қызметкерлері
қалалық қарттар үйіне арнайы барып, ардақты қарияларымызға құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шара аясында 140-қа жуық қарияға арналып демеушілердің қолдауымен сый-сияпаттар үлестірілді,
жылы лебіздер айтылып, ақ дастархан жайылды.
Бұл – ардагерлерге деген шынайы ризашылық пен құрметтің көрінісі.
Қызметкерлер ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесіп, өткен күндерді еске алып, мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Олардың өмір жолы мен ерлікке толы еңбектері – біз үшін баға жетпес өнеге.
Мұндай іс-шаралар – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, үлкенге құрмет көрсету дәстүрін жалғастыруға жол ашады.
Қарттарымыздың жүзіндегі қуаныш пен алғыс – біз үшін ең үлкен марапат!
Ардагерлерге мың алғыс!
Қамқорлық пен мейірім әрдайым жолсерік болсын!