Ұлы Жеңістің 80 жылдығына тағзым!
Қан майданда қасық қаны қалғанша Отанын қорғаған, ел тыныштығы үшін өмірін арнаған ардагерлеріміз – мәңгілік мақтанышымыз!
Осы орайда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы,
әділет подполковнигі Джумагулов С.М.,
ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері
ерекше ілтипатпен және зор құрметпен
ҰОС-на теңестірілген қатысушы,
отставкадағы полковник,
Сайрам ауданының Құрметті азаматы,
ІІМ-нің Құрметті ардагері
Аташев Ташходжа Әл-Ақбарұлының үйіне арнайы барып,
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады.
Қайсарлық пен ерліктің, Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен ардагерге
ақ тілектерін арнап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Мұндай кездесулер — ұрпақтар сабақтастығының айғағы,
ел тарихын қадірлеудің, батырларды ұлықтаудың жарқын көрінісі.
Бүгінгі бейбіт аспан – олардың жанқияр ерлігінің жемісі.
Ардагерлерге тағзым – елге тағзым!