Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар күні

Шымкент, Түркістан ҚАЖД және аумақтық мекемелерде мерекелік іс-шара өтті!
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Бұл қос мереке – ерлік пен елдікке тағзым ету күні.
Отан алдындағы адал қызметі мен антқа беріктігін дәлелдеген жас қызметкерлер осы күндері салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл — олардың азаматтық жауапкершілігінің бастауы, абыройлы жолының алғашқы қадамы.
Сондай-ақ, үздік қызметкерлердің еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды. Бұл – Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлестің жоғары бағалануы.

Мереке — тек салтанат емес, сонымен қатар, болашақ ұрпаққа өнеге болар тарихи сабақ. Ерліктің ізімен өскен ел ешқашан жеңілмейді.
Осы орайда, барлық ер-азаматтарды, ардагерлер мен қазіргі таңда елге қызмет етіп жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Елге қызмет ету — абыройлы борыш!
Мерекелеріңіз құтты болсын!