2025 жылғы 29 сәуір күні Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекеме қызметкерлері ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кең көлемді іс-шара өткізді.
Абай — қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, философы, ағартушысы, аудармашысы және композиторы. Ол 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. Оның мол мұрасы мен терең философиялық ойлары бүгінгі күнге дейін ұрпаққа үлгі болып келеді.
Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Қазақстанда және шетелдерде түрлі деңгейдегі іс-шаралар, ғылыми конференциялар, көрмелер мен поэзия кештері ұйымдастырылуда. Бұл мерейтой — қазақ мәдениетін әлемге танытатын маңызды оқиға.
Аталған іс-шара барысында мекеме қызметкерлері Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп оқып, белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.