Үздік еңбек адамы

Үздік еңбек адамы

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жариялануына орай, елімізде еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында республикалық деңгейде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Солардың бірі – 2025 жылғы 17 сәуір күні өткізілген «Үздік еңбек адамы» атты республикалық байқау. Бұл байқау – өз ісіне адал, кәсіби шеберлігімен және өнегелі қызметімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, олардың еңбегін кеңінен дәріптеуге бағытталған.

 

Аталған байқауға Шымкент және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №53 мекемесі атынан қатысқан, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Абубакиров Қахрамон Абдухамидович кәсіби біліктілігімен, абыройлы еңбегімен көзге түсіп, «1-дәрежелі жеңімпаз» атағына ие болды.

 

Бұл марапат – оның көп жылғы адал қызметі мен еңбекке деген жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Өз саласының білікті маманы ретінде ол жас қызметкерлерге үлгі болып, қылмыстық-атқару жүйесінде тәрбие жұмысын жетілдіру жолында зор үлес қосып келеді.

 

Қызметкердің бұл жетістігі – тек жеке марапат қана емес, тұтас сала мамандарының елеулі еңбегіне берілген жоғары баға.