Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Шымкент ҚАЖД заңнамалық актілерін түсіндірді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Шымкент ҚАЖД заңнамалық актілерін түсіндірді

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезовпен жұмыс кездесуі өтті.
Азаптаудың алдын алу саласындағы негізгі заңнамалық актілер талқыланды. "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заңның аспектілерін зерделеуге ерекше назар аударылды. Бұл институт адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғушылықтарынан қорғауға, заңнама мен құқық қолдану практикасының дамуын қамтамасыз етуге, ағартушылық бағдарламаларды әзірлеуге және енгізуге арналған.
Департамент бастығы Теңізжан Жәнібековтың қатысуымен азаптаудың алдын алу және сотталғандарға кемсітушілікпен қараудың алдын алу мәселелері қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Заңға сәйкес Шымкент қаласындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Нұржан Әлібекұлы Әбдезов тағайындалды.