
№54 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» атты маңызды әлеуметтік-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау, оларды қоғамға қайта бейімдеуге бағыт-бағдар беру және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету.
Іс-шараға өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының мамандары – М. Сапашев, Н. Дүйсенбекұлы, сондай-ақ психолог Р. Тазабаева қатысып, өз салалары бойынша мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар қатысушылармен ашық пікір алмасып, өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары, қоғамға қайта қосылудың маңыздылығы, еңбек пен білімнің рөлі туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, психологиялық қолдаудың қажеттілігі мен әр адамның өмірінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болатыны ерекше атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың бойында сенім ұялатуға, олардың ішкі әлеуетін оятуға және болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.