Шымкент қаласындағы №78 мекемесінде қатаң режимдегі сотталған әйелдерге Жау жүрек мың бала көркем фильмі көрсетілді.

Шымкент қаласындағы №78 мекемесінде қатаң режимдегі сотталған әйелдерге Жау жүрек мың бала көркем фильмі көрсетілді.

Шымкент қаласындағы №78 мекемесінде қатаң режимде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерге Жау жүрек мың бала көркем фильмі көрсетілді.

Аталған мәдени-танымдық іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың рухани-адамгершілік дүниесін байыту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ел тарихына деген құрметін арттыру. Қазақ халқының ерлікке толы кезеңдерін арқау еткен бұл туынды жас батырлардың қайсарлығы мен ел үшін жанын пида еткен өр рухын әсерлі түрде бейнелейді.

Фильм көрсетілімі барысында көрермендер ерекше ықыласпен тамашалап, кейіпкерлер тағдырына терең бойлай білді. Көрсетілім аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өтіп, олар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салды.

Осындай тағылымды іс-шаралар сотталған азаматтардың рухани дамуына оң ықпал етіп, олардың өмірге деген көзқарасын жаңғыртуға, ізгі құндылықтарды бойына сіңіруге және қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.