Х А Б А Р Л А М А
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мына бос лауазым орындарына іріктеу жариялайды:
4.ҚР ІІМ Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Шардара аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспектор-1бірлік;
Құжаттарды қабылдау мекен жайы: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ, 160000, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекен-жайы: Шымкент қаласы, Майлы қожа көшесі, 5 үй. Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесі. Сымтетік: 8 /7252/ 53-62-63, арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25 қыркүйек 2025 жылдан бастап 08 қазан 2025 жылға дейін. 09 қазан дене шынықтыру бойынша нормативтер қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуреті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жеке құраммен жұмысы жөніндегі бөлімшесі