
Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетілді
ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде
сотталған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📌 Іс-шара барысында:
– Азаматтардың құқықтары мен міндеттері,
– Қайта әлеуметтену жолдары,
– Жұмыспен қамту, құжаттандыру,
– Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу тетіктері түсіндірілді.
Іс-шараға келген мамандар: Жеке сот орындаушы, адвокаттар және заңгерлер
🔹 Мамандар тарапынан құқықтық сауалдарға жауаптар беріліп,
қажетті бағыттар бойынша кеңес ұсынылды.
Мақсат – сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне және заңды жолмен өмір сүруіне мүмкіндік жасау.