Түзету мекемелеріне зауыт салу мәселесі

Түзету мекемелеріне зауыт салу мәселесі

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАУЫТ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласында түзету мекемелеріндегі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында арнайы жиын өтті. Кездесуге қала кәсіпкерлері қатысып, мекеме аумағында зауыт ашу мүмкіндіктері мен инвестициялық жағдайлар таныстырылды.

Ұсынылған мүмкіндіктер:
– Дайын инфрақұрылым
– 500-ден астам жұмыс күші
– Салықтық жеңілдіктер
– Мемлекеттік қолдау

Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту бағытында нақты ұсыныстар қаралды.