Шымкент қалалық әкімшілігінің Терроризмге қарсы комиссиясымен бірлесіп, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде терроризмнің алдын алу және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді.
Тексеру барысында мекемелерде қауіпсіздік шараларының орындалуы, діни және идеологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан тәрбиелік іс-шаралар, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің дайындық деңгейі мен ішкі тәртіп талаптарының сақталуы назарға алынды.
Жалпы, жүргізілген жұмыстар оң бағаланып, бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.