Павлодар облысы бойынша ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өткізді

Павлодар облысы бойынша ҚР ҰҚК департаментінің қызметкерлері терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өткізді

Павлодар облысы ҰҚКД ТҚО бөлімі терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша дәрістер өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлерге қолданыстағы заңнаманың негізгі талаптары, террористік қауіп-қатер туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары түсіндірілді.

Осы дәрістерді өткізу құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қызметкерлердің сақтығын күшейту және ықтимал террористік қауіп-қатер жағдайында әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталған.