
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №45 және №46 мекемелердің өнеркәсіптік аймағы объектілеріне бизнес-қауымдастық өкілдерінің сапарын ұйымдастырды. Бұл іс-шара Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басшылығымен және «Еңбек-Павлодар» РМК директорымен бірлесіп өткізіліп, шағын және орта бизнес субъектілерімен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Сапар барысында қатысушыларға ҚАЖ мекемелерінің кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуге дайындығы, сондай-ақ бос өндірістік аумақтардың болуы мен шығарылатын өнім туралы ақпарат ұсынылды. Бизнес-қауымдастық өкілдері мекемелердің өндірістік әлеуетімен және өндірістерді орналастыру жағдайларымен танысты.
Кездесудің қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындардың жұмсақ жиһаз және металл конструкциялар өндірісін ашуға деген қызығушылығы білдірілді. Сонымен қатар, бір кәсіпорын өз қызметкерлеріне арнайы киімдерді тігуге тапсырыс беруді жоспарлап отыр.