Прокуратура есепте тұрған азаматтармен қайта әлеуметтендіру тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Прокуратура есепте тұрған азаматтармен қайта әлеуметтендіру тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған
азаматтармен қайта әлеуметтендіру тақырыбында профилактикалыө әңгіме
жүргізді.
Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және өңірдегі рецидивтік
қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған. Кездесудің негізгі мақсаты-қайта
қылмыс жасау мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Әңгімелесу барысында прокуратура өкілдері есепке алынатын азаматтарға
белгіленген шектеулер мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы
еске салды, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерді қайталаудың құқықтық
салдарын түсіндірді.
Заңнаманы сақтау, әлеуметтік бейімделу, жұмысқа орналасу, білім алу,
кәсіптік қайта оқыту және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу
мәселелеріне ерекше назар аударылды. Салауатты өмір салтын ұстанудың
және әлеуметтік байланыстарды қалпына келтірудің маңыздылығы
талқыланды.
Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсететін
мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жолдары
қарастырылды. Прокуратура өкілдері мұндай іс — шаралардың мақсаты жаза
емес, азаматтардың қоғамдағы толыққанды өмірге оралуына жәрдемдесу
екенін атап өтті.