Бүгін Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің 63-мекемесінде абыройлы еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шыққан ардақты әріптестерімізге құрмет көрсетілді

Бүгін Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің 63-мекемесінде абыройлы еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шыққан ардақты әріптестерімізге  құрмет көрсетілді

 Бүгін Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің 63-мекемесінде абыройлы еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шыққан ардақты әріптестеріміз – Айнұр Ағибаевна Нүкенова мен Лаура Савитовна Усумбаеваға құрмет көрсетілді.

Олар өмірлерінің сан жылын ауыр да жауапты қызметке арнап, кәсібилік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. 🌿

Мекеме бастығының орынбасары, әділет капитаны Берік Серікұлы Кәрібай ұжым атынан ардагерлерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Жылы лебіздер мен шынайы тілектерге толы бұл шара әріптестеріміздің еңбегіне деген шексіз құрметтің көрінісі болды. 💐

Олардың еңбекқорлығы мен өмірлік жолы ҚАЖ қызметкерлері үшін әрдайым өнеге болып қала береді.