2025 жылғы 11–18 тамыз аралығында Павлодар қаласында «Пробация» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
👮♂️ Іс-шараға пробация қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысуда. Апта бойы олар есепте тұрған барлық азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексереді.
🔍 Іс-шараның мақсаттары:
— Белгіленген шектеулердің сақталуын тексеру
— Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу
— Қаладағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету
💬 Мұндай рейдтер құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, профилактикалық шаралар қолдануға мүмкіндік береді, бұл қайталама қылмыстың деңгейін төмендетуге ықпал етеді.